"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

9 қыркүйек, Данияның Хернинг қаласында 9-шы EuroSkills Herning 2025 Еуропалық кәсіби шеберлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

Jyske Bank Boxen аренасы Еуропаның 32 елінен келген қатысушыларды жинады. Биылғы чемпионатта 597 жас маман 38 құзырет бойынша өз шеберліктерін көрсетеді.

Қазақстан ұлттық құрамасы тарихтағы ең үлкен делегациясымен қатысуда – 59 адам, оның ішінде 28 қатысушы, 25 эксперт және тим-лидерлер бар. Жас қазақстандық мамандар 25 құзырет бойынша бақ сынайды – мехатроника мен дәнекерлеу технологиясынан бастап мейрамхана сервисі, кондитерлік іс және флористикаға дейін.

Қазақстанның EuroSkills чемпионатына қатысуы – бұл тек жарыс емес, сонымен қатар жастарымыздың жоғары деңгейдегі даярлығын көрсету, еуропалық әріптестермен тәжірибе алмасу және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мүмкіндігі!

10 қыркүйектен бастап жарыс күндері басталады — жаңалықтарды қадағалаңыздар және біздің командаға қолдау көрсетіңіздер!

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *