Елде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде дуалды оқыту бағдарламасына қатысатын студенттер саны 108 мыңға жетті.
Бұл алты жыл бұрынғы көрсеткіштен шамамен 2 жарым есе көп. Оқу-ағарту министрлігі жанындағы «Талап» ұйымының ресми мәліметі осындай. 2027 жылға дейін мұндай жүйемен студенттердің 50 пайызын қамту көзделіп отыр. Бағдарламаға 552 колледж қатысып жатыр. Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 68-ден 71 пайызға өсті. Кәсіпорындарда сертификатталған 3 300-ден астам тәлімгер еңбек етіп жүр. Олардың 445-і биыл ғана оқудан өткен.
2019 ж – 48,8 мың студент
2025 ж – 108 мың студент (28%)
2027 ж – 50%
552 колледж
18 мың кәсіпорын
3 321 тәлімгер
Колледждер халықаралық байланысты нығайтты
Биыл алғашқы жартыжылдықта елдегі колледждер мен шетелдік оқу орындары арасында 50-ден астам меморандум жасалды. 100-ден астам оқытушы мен шебер халықаралық тағылымдамадан өткен. Сонымен қатар 80 шақты студент қысқамерзімді академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысты. 3 колледж халықаралық салалық аккредиттеуден өтті. Серіктес елдердің қатары 20-дан асты. Олардың ішінде Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Франция, Ұлыбритания және Германия сияқты көшбасшы мемлекеттер бар.
50 меморандум жасалды
100 маман тағылымдамадан өтті
80 студент шетелде оқыды
3 колледж аккредиттеуден өтті
20 ел серіктес атанды
0 Comments