2025 жылғы 10 қыркүйекте “Talap” КеАҚ базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары кәсіби білім беру ұйымдары мен экономика салалары бойынша кәсіпорындардың Альянстарын құру және дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Кеңес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Асет Ғарифоллаұлы Муханбетовтің төрағалығымен өтті. Кеңеске салалық министрліктердің, жұмыс беруші ірі компаниялар мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында ERG колледждері мен кәсіпорындары Альянсының табысты тәжірибесі ұсынылды. Бұл туралы «ERG Сервис орталығы» ЖШС әлеуметтік жобалар менеджері Мамырбаев Олжас Болатұлы баяндады. Сондай-ақ, «Қазцинк» ЖШС мен колледждер Альянсының құрылу барысы туралы «Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі» мекемесінің басшысы, Альянс үйлестірушісі Іргебаев Ернар Тұрсынханұлы тәжірибесімен бөлісті.
Кеңеске қатысушылар өзара белсенді пікір алмасып, бірқатар сұрақтар қойылып, басқа өңірлер мен салаларда да осындай Альянстарды құру бойынша ұсыныстар айтылды. Кеңес соңында ТжКБ ұйымдары мен кәсіпорындар арасындағы институционалдық әріптестікті дамыту бойынша бірнеше қадамдар айқындалып, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ауыл шаруашылығы, энергетика министрліктері т.б. салалық мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты тиімді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
0 Comments