"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

«Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (барлық меншік нысандарындағы) Информатика/АКТ пәні оқытушыларына арналған «Болашақ мансапқа арналған жасанды интеллект құралдары» факультативтік курсын оқыту әдістемесі мен практикасы бойынша оқу семинарын өткізеді.

Семинар қашықтықтан LMS «Talap» платформасында өткізіледі: https://lms.talap.edu.kz

Семинардың мақсаты

  • «Болашақ мансапқа арналған жасанды интеллект құралдары» факультативін жүргізуге педагогтарды дайындау.
Семинардың міндеттері
  • факультативтің бағдарламасы мен тақырыптық жоспарын таныстыру;
  • ЖИ-ді пайдалану кезіндегі құқықтық, этикалық және қауіпсіздік аспектілерін түсіндіру;
  • ЖИ-сабақтың құрылымын және негізгі әдістемелік қағидаттарды көрсету;
  • факультатив шеңберінде қолданылатын негізгі ЖИ құралдарымен жұмыс істеуді үйрету.

1. Тіркелу және оқу мерзімдері

Семинарға тіркелу және жазылу: 2025 жылғы 3 желтоқсанға дейін (қоса алғанда).

Оқыту келесі ағындар бойынша жүргізіледі:

Ағын Оқу мерзімі
1-ағын 08–14 желтоқсан 2025 ж.
2-ағын 15–21 желтоқсан 2025 ж.
3-ағын 22–28 желтоқсан 2025 ж.

Тіркеу аяқталғаннан кейін қатысушылар облыстық Білім басқармаларының тізімдерімен сәйкес тексеріліп, тиісті ағындарға бөлінеді.

2. Педагогтардың тіркелу тәртібі

  1. Педагог LMS жүйесіне өз бетінше тіркеледі:
    https://lms.talap.edu.kz
  2. Тіркелгеннен кейін — курс каталогынан қажетті тілдегі семинарды тауып, өз бетінше жазылады.
  3. Семинарға жазылу коды және облыстардың ағындар бойынша бөліну кестесі педагогқа өзінің колледжі арқылы беріледі (ақпарат облыстардың Білім басқармалары арқылы колледждерге жолданады).

Маңызды:
Тіркелу кезінде педагог колледж орналасқан облысты дұрыс көрсету қажет — бұл қатысушының қай ағынға түсетініне тікелей әсер етеді.

3. Қатысушылар тізімдерін ұсыну тәртібі

  1. Колледж әкімшілігі семинарға жіберілетін педагогтарды айқындайды.
  2. Колледж бекітілген тізімді облыстың Білім басқармасына жолдайды.
  3. Білім басқармасы өңірлік жиынтық тізімді жасап, оны 2025 жылғы 3 желтоқсанға дейін «Talap» КЕАҚ-ға жібереді.

4. Семинар форматы

  • қашықтықтан, асинхронды формат (әр педагог өз ағыны шеңберінде ыңғайлы уақытта оқиды);
  • білім беру материалына қолжетімділік ағынның бірінші күнінде ашылады;
  • көлемі — 16 сағат;
  • нәтижесі — электрондық сертификат.

5.Байланыс

Тіркелуге қатысты сұрақтар бойынша: seminar@talap.edu.kz немесе өз колледжіңіздің жауапты қызметкеріне хабарласыңыз.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *