2025 жылғы 15-16 қыркүйекте 66 оқу-әдістемелік бірлестігімен онлайн-жұмыс кеңестері өткізілді. Кездесу барысында алдағы кезеңге қызметті жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі мәселелері қаралып, жұмыстың басым бағыттары айқындалды.
Басты назар ОӘБ мамандықтары бойынша сараптама топтары жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларын бағалау мәселелеріне аударылды. Сонымен қатар, оқу-әдістемелік бірлестіктерге бейіндер бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауларының тізімі ОӘБ қызметі аясында іске асыру мақсатында және бірлестіктердің өкілдерін де, бейіндік бағыттардың педагог кадрларын да аттестаттау кезінде есепке алу үшін ұсынылды.
Кеңес қорытындысы бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің қызметін жетілдіруге және бейінді колледждер арасындағы серіктестікті күшейтуге бағытталған негізгі міндеттер мен бағдарлар бекітілді.
0 Comments