«Talap» КЕАҚ — халықаралық WorldSkills қозғалысының Қазақстан Республикасындағы ұлттық операторы болып табылады және осы қозғалысты дамыту бойынша айрықша құқықтарға ие.
WorldSkills Kazakhstan Республикалық чемпионатына дайындық аясында төмендегі құзыреттер бойынша Бас сарапшы және Бас сарапшының орынбасары лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жарияланады:
🔹 Құзыреттер тізімі:
- Қонақүй-ресепшн — бас сарапшы;
- Зоотехния — бас сарапшы және бас сарапшының орынбасары;
- Ветеринария — бас сарапшының орынбасары;
- Прототиптеу — бас сарапшының орынбасары.
🟰 Сонымен қатар, WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту және кеңейту мақсатында Республикалық чемпионатқа кірмейтін өзге де құзыреттер бойынша кандидаттар іріктеледі.
Біз чемпионаттарды ұйымдастыруға қатысып қана қоймай, WorldSkills Kazakhstan қозғалысының көзқарасын, миссиясын және стратегиялық мақсаттарын қолдайтын кәсіби мамандарды іздейміз. Олар:
- кәсіби дағдыларды дамытуға,
- мамандарды даярлау сапасын арттыруға,
- техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған.
🔹 Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- Профильді білімі және кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы;
- Тиісті құзырет бойынша жоғары кәсіби дайындық деңгейі;
- Аймақтық және ұлттық деңгейде ұйымдастырушылық, тәлімгерлік және сарапшылық қызметке дайын болуы;
- Бастамашылдық, жауапкершілік, командада жұмыс істей білу қабілеті.
📩 Өтініш беру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Резюме (CV);
- Білім туралы дипломдардың көшірмелері;
- Кәсіби тәжірибені растайтын құжаттар;
- WorldSkills қатысушысы/сарапшысы сертификаттары (бар болған жағдайда).
📅 Өтініштерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 20 тамызға дейін
📧 Email: a.zhumataev@talap.edu.kz
📞 Байланыс тұлғасы: Жұматаев Арнұр — +7 771 050 23 87
0 Comments