2026 жылғы 27 наурызда Almaty Polytechnic College базасында әлемдік деңгейдегі бейнебақылау, қауіпсіздік жүйелері, қалалар мен бизнесті басқаруға арналған интеллектуалды шешімдер бағытында көшбасшылардың бірі Dahua Technology компаниясының мамандандырылған тренинг орталығының ашылу салтанаты өтті.
Dahua Technology мамандандырылған тренинг орталығы студенттер мен оқытушыларға еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.
Жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Talap» КеАҚ және Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды. Ашылу салтанатына «Talap» КеАҚ Президенті Санжар Тәтібеков, Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының өкілдері, шетелдік компаниялар мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.


0 Comments