"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

 

Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасының 11-қадамында бизнес пен білім беру процесін интеграциялау үшін өңірлік білім беру-өндірістік кластер құру айқындалды.

Өңірлік білім беру-өндірістік кластері – бұл білім беру, ғылыми-зерттеу және өндірістік ұйымдардың интеграцияланған жүйесі. Мұндай кластерлер білім беру процесін нақты өндірістік қажеттіліктермен үйлестіруге, студенттердің практикалық дағдыларын дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және инновацияларды енгізуге бағытталған.

«Talap» КеАҚ бизнес пен білім беру процесін интеграциялау үшін өңірлік білім беру-өндірістік кластер құру жөніндегі ұсынымдар жобасын әзірледі.

Осыған орай, осы ұсынымдар жобасын ТжКБ ұйымдарының назарына талқылау үшін жолдайды.

Ұсынымдар жобасына қатысты ұсыныстарыңызды 2025 жылдың 30 мамырына дейін d.eszhanov@talap.edu.kz электрондық поштасына жолдауды сұрайды.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *