"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Хабарландыру

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары аясында семинарлық (теориялық және практикалық) сабақтар өткізу үшін аудиторияларды жалға алу» қызметтерін сатып алуды жүзеге асыру туралы

«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КеАҚ), Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы ретінде, мекенжайы: 010000, Астана қ., Достық көшесі, 20., тел. 8 (7172) 575123 (вн.55, 48), «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары аясында семинарлық (теориялық және практикалық) сабақтар өткізу үшін аудиторияларды жалға алу» қызметтерін сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлайды.

Сатып алынатын «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары аясында семинарлық (теориялық және практикалық) сабақтар өткізу үшін аудиторияларды жалға алу» қызметтерінің атауы осы хабарландыруға қоса берілген сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшеліктерінде келесі орналасқан жерлері бойынша көрсетілген:

  1. Өскемен қаласы;
  2. Қостанай қаласы;
  3. Қарағанды қаласы;
  4. Павлодар қаласы;
  5. СҚО, Покровка ауылы;
  6. Семей қаласы;
  7. Тараз қаласы.

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары аясында семинарлық (теориялық және практикалық) сабақтар өткізу үшін аудиторияларды жалға алу» қызметтерін сатып алуға бөлінген сома қызмет түрлері бойынша осы хабарландыруға қоса берілген сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне сәйкес құрайды:

1 Семинар сабақтарын өткізу үшін аудиторияларды жалға алу Өскемен 344000,00 тенге

(ҚҚС есебінсіз)

2 Семинар сабақтарын өткізу үшін аудиторияларды жалға алу Қостанай 996000,00 тенге

(ҚҚС есебінсіз)

3 Семинар сабақтарын өткізу үшін аудиторияларды жалға алу Қарағанды 250000,00 тенге

(ҚҚС есебінсіз)

4 Семинар сабақтарын өткізу үшін аудиторияларды жалға алу Павлодар 458000,00 тенге

(ҚҚС есебінсіз)

5 Семинар сабақтарын өткізу үшін аудиторияларды жалға алу СҚО,

Покровка а.

750000,00 тенге

(ҚҚС есебінсіз)

6 Семинар сабақтарын өткізу үшін аудиторияларды жалға алу Семей 458000,00 тенге

(ҚҚС есебінсіз)

7 Семинар сабақтарын өткізу үшін аудиторияларды жалға алу Тараз 536000,00 тенге

(ҚҚС есебінсіз )

Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары жабық конверттерде 2025 жылғы «22» мамырдан бастап «28» мамыр сағат 15:00-ге дейін, «Talap» КеАҚ сатып алуды ұйымдастырушыға мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қ., Достық көшесі, 20., 220 кабинет.

Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары бар конверттерді ашу жөніндегі комиссия отырысы мына мекенжай бойынша өткізіледі: 010000, Астана қ., Достық көшесі, 20., тел. 8 (7172) 575123 (вн.55, 48), 220 кабинет, 2025 жылғы «28» мамыр сағат 16:00-де.

Сатып алуға қатысу үшін Әлеуетті өнім беруші құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болуы тиіс;

Сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс тек бір баға ұсынысын береді:

  1. хабарландыруға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қолы қойылған және мөрімен бекітілген (бар болса) баға ұсынысы.

Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығындар қосылады.

  1. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе ресми интернет көзінен (e.gov.kz) алынған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы электрондық анықтаманың көшірмесі; жеке тұлға үшін – тиісті мемлекеттік органның заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе ресми интернет көзінен (www.e.gov.kz) алынған құжаттың көшірмесі;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың немесе электрондық құжат түріндегі лицензияның және/немесе патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, рұқсаттардың, басқа да құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері (егер хабарландыру шарттарымен міндетті лицензиялауға жататын қызмет көзделсе);
  3. техникалық ерекшелік (егер хабарландыру шарттарында техникалық ерекшелік көзделген жағдайда);
  4. тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінің талаптарына сәйкес ресімделген өзге де құжаттар (егер хабарландыру шарттарында техникалық ерекшелік көзделген жағдайда).

Қызметтер сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігінде белгіленген мерзімдерде көрсетілуі тиіс.

Баға ұсынысында қамтылған қызмет көрсету шарттары осы хабарландыруда және хабарландыруға қоса берілген сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігінде көрсетілген талаптарға қайшы келмеуі тиіс.

Баға ұсынысы бар жабық конверттің бет жағында әлеуетті өнім беруші мыналарды көрсетуі тиіс:

  1. Әлеуетті өнім берушінің толық атауы және пошталық мекенжайы;
  2. Электрондық хабарландыруда көрсетілген осындай мәліметтерге сәйкес келуге тиіс Тапсырыс берушінің атауы және пошталық мекенжайы;
  3. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы берілетін сатып алынатын қызметтердің атауы «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары аясында семинарлық (теориялық және практикалық) сабақтар өткізу үшін аудиторияларды жалға алу» қызметтерін сатып алу, «2025 жылғы «28» мамыр сағат 16:00-ге дейін АШУҒА БОЛМАЙДЫ»).

Баға ұсынысына әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен (бар болса) расталуы, конвертке салынып, электрондық хабарландыруда көрсетілген мерзімде Тапсырыс берушіге әлеуетті өнім беруші ұсынуы тиіс.

Баға ұсыныстары қызмет көрсетуге байланысты барлық шығындарды ескере отырып берілуі тиіс.

Осы Қағидалардың көрсетілген тармағының талаптарын бұза отырып ресімделген баға ұсыныстары бар конверттер тіркелуге жатпайды.

Баға ұсынысы бар конверт оны ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін ұсынылған жағдайда қабылданбайды.

Шартқа қол қою үшін талап етілетін мерзім сатып алу қорытындылары бекітілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде.

«Talap» КеАҚ сатып алу тапсырыс берушісі, мына мекенжайда орналасқан: 010000, Астана қ., Достық көшесі, 20., 220 кабинет, тел. 8 (7172) 575123 (вн.55, 48),.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *