"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Форум аясында Almaty Polytechnic College ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, Қазақстан колледждері арасында алғаш рет қос дипломды бағдарламаны іске қосатынын жариялады. Бұл қадам білім беруді интернационалдандырудың жаңа кезеңін ашып, Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестікті едәуір нығайтады.

Сонымен қатар, жақын уақытта колледжде студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға арналған заманауи Dahua Technology инновациялық зертханасын ашылады.

Іс-шараға Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері, «Talap» КеАҚ, ҚХР Zhejiang College of Security Technology ресми делегациясы, қытайлық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласының мемлекеттік колледждерінің директорлары қатысты.

Бұл форум академиялық ұтқырлықты кеңейтуге, озық білім беру тәжірибелерін енгізуге және екі ел студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған маңызды оқиға болды.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *