"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Ұстаздар күні қарсаңында “Talap” КеАҚ-ң жаңа тағайындалған  Президенті – Тәтібеков Санжар Мейірханұлы ұжымды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтады. Ол өзінің құттықтау сөзінде білім беру саласындағы ұстаздардың өлшеусіз еңбегін ерекше атап өтіп, олардың шәкірттерінің болашағын қалыптастырудағы маңызды рөлін айтты. Президент барша педагогтерге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт және болашақта да табысты еңбек тіледі.

 

Сонымен қатар, вице-президент Елеусинова Бұлбұл Ораққызы мен Президенттің кеңесшісі Борибеков Қадырбек Қозыбайұлы да өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ұжым мүшелерін мерекемен құттықтады. Олар ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен қажырлы еңбегі еліміздің білім беру жүйесінің дамуына үлкен үлес қосып жатқанын ерекше атап өтті.

 

Ұстаздарымыздың еңбегі әрдайым құрметке лайық, баршаңызға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *