"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

7 қараша күні «Talap» КеАҚ Еуропалық білім қорының еңбек нарығы бойынша аға сарапшысы Ина Питчманмен кездесу өтті. Бұл кездесу Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдары түлектерін қадағалау бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге «Talap» КеАҚ президенті мен вице-президенті, сондай-ақ ТжКБ жүйесінің қызметін зерттеу және мониторинг жүргізу басқармасының өкілдері қатысты. Ина Питчманн қатысушыларды зерттеу нәтижелерімен таныстырып, зерттеуге тікелей қатысқан «Talap» КеАҚ сарапшыларына алғысын білдірді. Ол зерттеу қорытындыларын ұсына отырып, пилоттық зерттеудің мақсатына қол жеткізілгенін және құралдарды әзірлеу бойынша қойылған міндеттер сәтті шешілгенін атап өтті.

Талқылау барысында деректерді жинау кезеңіндегі негізгі қиындықтар, оларды шешу жолдары, сондай-ақ зерттеуде қолданылған стратегиялар мен нәтижелерді талдау әдістерін үйренудің маңыздылығы атап өтілді.

Кездесуде мұндай зерттеулердің ТжКБ жүйесін дамыту үшін маңызды екендігі және оның тиімділігін бағалауға арналған практикалық құрал болып табылатыны айтылды, сондай-ақ бұл құралды болашақта да пайдалануға болатыны атап өтілді.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *