"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен байқау өз мәресіне жетті. Байқаудың мақсаты — Қазақстан колледждерінің 100 үздік студентін анықтау және марапаттау. Бұл байқау дарынды жастарды қолдауға, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға және жеке тұлғалық өсуге ынталандыруға бағытталған.

Байқаудың ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және өңірлердің жергілікті атқарушы органдары.

Байқауды ұйымдастыру, үйлестіру және өткізу жұмыстарын «Talap» ұлттық акционерлік қоғамы (Оператор) жүзеге асырды.

Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың білім басқармалары өңірлік деңгейде байқауды ұйымдастыру және өткізу бойынша жауапты әріптестер (Әріптес-ұйымдастырушылар) болды.

«Қазақстан Республикасының колледж студенттерінің ТОП-100» республикалық байқауы 3 кезеңде өтті:

1️. Ішкі кезең – колледж деңгейінде өткізілді. Бұл кезеңге 512 колледжден 2 604 студент қатысты. Олардың ішінен 809 үздік студент өңірлік кезеңге іріктелді.
2️. Өңірлік кезең – өңірлік білім басқармалары ұйымдастырды. Әр өңірден 10 жеңімпаз анықталды. Нәтижесінде республикалық кезеңге 200 студент өтті.
3️. Республикалық кезең – байқаудың операторы тарапынан «TOP 100 STUDENTS» интернет-ресурсында онлайн-форматта өткізілді. Бұл кезеңде қазылар алқасы 100 үздік студентті анықтады.

Республикалық кезеңдегі студенттердің жұмыстарын өңірлік білім басқармалары ұсынған 44 қазылар мүшесі бағалады. Әр жұмысты 3 тәуелсіз қазы 100 балдық жүйе бойынша бағалады. Қорытынды балл «TOP 100 STUDENTS» интернет-ресурсында автоматты түрде есептелді (арифметикалық орта мән ретінде).

 Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2025 жылғы  сәуір айына жоспарланған.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *