Қызылорда облысында 2025 жылғы 24-25 қараша күндері «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында мектеп оқушылары арасында «JuniorSkills-2025» республикалық кәсіби шеберлік конкурсы ұйымдастырылды.
Байқауға Алматы, Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстары, Түркістан және Қызылорда облыстарынан 30-дан аса оқушы қатысып, бес түрлі құзыреттілік бойынша сынға түсті. Екі күнге созылған додада өрендер кәсіби дағдысы мен шығармашылық қабілеттерін танытты.
Жеңімпаздарды Қызылорда облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Б.Есенбаев марапаттады.
Жеңімпаздар:
«Ағаш ұстасы» құзыреттілігі:
I орын – Бердібек Ғалымжан (Қызылорда облысы)
II орын – Рахман Ерасыл (Жамбыл облысы)
III орын – Пермахан Шыңғысхан (Түркістан облысы)«Кондитерлік іс»:
I орын – Ақылжан Фатима (Ақтөбе облысы)
II орын – Савуди Гунчам (Алматы облысы)
III орын – Елеуова Аруна (Қызылорда облысы)«Сән технологиясы»:
I орын – Мирамова Әмина (Қызылорда облысы)
II орын – Атапкел Жұлдызай (Атырау облысы)
III орын – Шынболат Қаламқас (Жамбыл облысы)«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету»:
I орын – Баймуратов Бегзод (Түркістан облысы)
II орын – Бақытжан Әділмансұр (Қызылорда облысы)
III орын – Шанбаев Әбділқадыр (Қызылорда облысы)«Мобильді робототехника»:
I орын – Садықбай Бақдәулет, Ермекбай Бексұлтан (Қызылорда облысы)
II орын – Әлібек Нұрислам, Жолдыбай Бексұлтан (Қызылорда облысы)
III орын – Мереке Амир, Нарифқұл Амир (Алматы қаласы)
Сонымен қатар, “Talap” КеАҚ жобалық кеңсесінің бас менеджері Т.Ахметғалым байқауды ұйымдастыруға үлес қосқан инженер-педагогтерге «Talap» КеАҚ Президенті С.Татибековтің Алғыс хаттарын табыстады.
Шара концерттік бағдарламамен аяқталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


0 Comments