"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен және Мемлекет басшысының 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер мен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында қабылданған жоспарға сәйкес, цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын дамытуға ерекше назар аударыла отырып, 2025 жылғы 31 қазанда Қытай Халық Республикасының Хубэй провинциясы, Ухань қаласында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде (ТжКБ) жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форум өтті.

Іс-шара «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында «Қытай мен Қазақстан арасындағы ақылды байланыстар: жасанды интеллект қолдауымен кәсіби білім беруді бірлесіп дамыту» тақырыбында ұйымдастырылды. Форум кәсіби білім беру, цифрландыру және инновациялар салаларында Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Форум жұмысына Қазақстан тарапынан ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Talap» КЕАҚ өкілдері мен ақпараттық технологиялар бағыты бойынша еліміздің 10 жетекші колледжі қатысты:
1. Almaty Polytechnic College
2. ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі
3. Талдықорған жоғары политехникалық колледжі
4. Жамбыл жоғары политехникалық колледжі
5. Көкшетау жоғары техникалық колледжі
6. Ақпараттық технологиялар колледжі
7. APEC PetroTechnic жоғары колледжі
8. Халел Өзбекқалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі
9. Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі
10. IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі

Қытай тарапынан Хубэй провинциясының Білім департаменті, Ухань бағдарламалық қамтамасыз ету және инженерия колледжі және өзге де білім беру ұйымдары мен технологиялық компаниялар қатысты.

Тараптар техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрлық инновацияларды оқу процесіне енгізу мәселелерін талқылады.

Форум қорытындысы бойынша қазақстандық және қытайлық колледждер Жасанды интеллект саласындағы Қазақстан–Қытай білім беру альянсын құру жөніндегі ниет туралы құжатқа және ТжКБ саласындағы өзара ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды.

Аталған бастама екі ел колледждері арасындағы серіктестікті нығайтуға, бірлескен білім беру бағдарламалары мен академиялық алмасуларды дамытуға, зерттеу жобаларын жүзеге асыруға және білім беру саласына интеллектуалды технологияларды енгізу үшін тұрақты платформа құруға бағытталған.

Альянс құру «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және цифрлық трансформация мен жасанды интеллект дәуірінде студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етпек.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
• колледждер бағдарламаларына «Кәсіби қызметтегі жасанды интеллектті қолдану» атты оқу модулін енгізу;
• оқу орындары базасында AI-зертханалар мен инновациялық шеберханалар құру және жабдықтау;
• студенттер мен оқытушыларға арналған қос дипломды бағдарламалар мен халықаралық тағылымдамаларды іске асыру;
• білім беру процесін автоматтандыруға арналған цифрлық платформалар мен AI-ассистенттерді әзірлеу.

Сонымен қатар, телекоммуникация және цифрлық шешімдер саласындағы әлемдік көшбасшы FiberHome Telecommunication Technologies Co., Ltd. компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Бұл компания China Mobile, Omantel, Globe Telecom және BTI Systems (АҚШ) сынды серіктестермен жұмыс істейді.

FiberHome компаниясымен әріптестік Қазақстанның ТжКБ жүйесіне жасанды интеллект, байланыс және цифрлық инфрақұрылымның заманауи технологияларын енгізуге мүмкіндік береді.

Тараптар Қазақстанда алғашқы пилоттық AI-зертхананы ашу және кейін басқа колледждерге кеңейту жобасын іске асыру туралы уағдаласты.

Форум қорытындысы бойынша тараптар келесі бағыттарда бірлесіп жұмыс істеу туралы келісімге келді:
• жасанды интеллект саласындағы Қазақстан–Қытай колледждер альянсын құру;
* қазақстандық колледждер базасында AI-зертханалар мен орталықтар желісін іске қосу тетіктерін әзірлеу;
• академиялық ынтымақтастық пен ғылыми-зерттеу бастамаларын дамыту;
• Қазақстан колледждерінің инновациялық және кадрлық әлеуетін арттыру.

Сонымен қатар, қазақстандық колледждердің өкілдері екі күн бойы қытайлық колледждер мен компанияларда болып, үздік тәжірибелермен танысады.

Комментарии

0 Comments

Submit a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *