"Talap"
ТжКБ тиімді жүйелерін құру

ТжКБ ұйымдарындағы академиялық адалдық қағидалары

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер
1. Осы ТжКБ ұйымдарындағы академиялық адалдық қағидалары (бұдан әрі – Қағида), білім беру процесінде академиялық адалдық қағидаттарын, білім алушылардың, педагогтердің (оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің) және колледж қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді, академиялық адалдықты бұзу түрлерін және олар болған жағдайда шаралар қабылдау тәртібін анықтайды.

2. Осы қағиданың мақсаты – білім алушыларға, педагогтер мен колледж қызметкерлеріне адалдықтың мәнін түсіндіру, ашық, шынайы және сенімді қарым-қатынас құрудағы, сондай-ақ адалдықты дамыту мәселелеріндегі жауапкершілік туралы түсініктерді қалыптастыру.

3. Қағидада келесі ұғымдар қолданылады:

1) академиялық адалдық – бұл білім беру процесіне қатысушылардың әрқайсысының мінез-құлқын анықтайтын, оның ішінде алдау мен плагиаттан аулақ болу, жазбаша жұмыстарды (бақылау, курстық, дипломдық және т. б.) орындау кезінде адалдық пен принциптілік, емтихандарға жауап беруде (өз ұстанымын білдіруде, оқытушылармен және басқа студенттермен қарым-қатынаста, сондай-ақ бағалау) моральдық-адамгершілік нормаларының, принциптері мен құндылықтарының жиынтығы.
Академиялық адалдық білім беру процесіндегі негізгі құндылықтардың бірі болып табылады және колледждің білікті жұмысшыларды, орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды елдің дамуы үшін дайындау миссиясын сәтті жүзеге асыру үшін маңызды.
2) бағаланатын жұмыс:
– білім алушының белгілі бір оқу кезеңінде оның оқу жетістіктерін анықтау үшін ағымдағы бағалау кезінде орындайтын жұмысы немесе тапсырмасы (ауызша сауалнама, бақылау жұмыс, жазбаша жұмыс, эссе, дала жұмыстары, зертханалық жұмыс, практикалық жұмыс, өздік жұмыс, зерттеу жұмысы, жоба, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс және т.б.).

4. Колледж әкімшілігі, оқу тобының жетекшілері білім алушыларды осы Қағидамен бірінші кураторлық сағатта таныстыруға міндетті.
5. Осы Қағиданы білім беру процесінің барлық қатысушылары – әкімшілік, оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, қызметкерлер, білім алушылар, олардың заңды өкілдері орындауы міндетті.

2. Академиялық адалдық қағидаттары:
Білім беру үрдісінде білім алушылардың академиялық адалдығының, олардың жеке адалдығы мен өз оқуы үшін жауапкершілігін дамытатын негізгі қағидаттары:
1) адалдық – білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын жұмыстарды адал, әдепті орындауы.
2) автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру – басқа біреудің сөзін, ойларын дұрыс жеткізу және бағаланатын жұмыстарда ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын және қорғалуын тану;
3) ашықтық – өзара сенім, білім алушылар мен педагогтер арасында ақпарат пен идеялардың ашық алмасуы;
4) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы;
5) теңдік – әрбір білім алушы мен педагогтің осы Қағидаларды сақтау жөніндегі міндеті және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілік.

3. Бұзушылықтардың түрлері
Осы Қағидаларда білім алушылардың, педагогтердің және колледж қызметкерлерінің академиялық адалдықты бұзуының келесі түрлері көзделеді:
1) плагиат:
– басқа біреудің мәтінін, идеяларын, жұмысын түпнұсқа авторын көрсетпестен (дереккөздерге сілтемелерсіз) пайдалану немесе білім алушының өз бетінше орындағанына күмән келтіретін көлемдегі сілтемелері бар материалдарды пайдалану.
2) жалғандық:
– басқа адамнан, ұйымнан алынған немесе сатып алынған біреудің дайын жұмысын өз жұмысы ретінде ұсыну, сондай-ақ, оның негізінде оқыту нәтижелерін бағалау жүзеге асырылатын материал ретінде өз жұмысын басқа адамға саналы түрде бер.
3) сөз байласу:
– басқа білім алушы үшін бағаланатын кез келген жұмысты орындау;
– емтихан кезінде емтихан тапсыруға тиіс білім алушының орнына бөгде адамның қатысуы.
4) алдау:
– бағаланатын жұмыстарды басқа білім алушылардан көшіру;
– қайта ұсыну, бағаланған жұмысты тапсыру;
– бағаланатын жұмыстарды орындамаған, уақтылы орындамаған жағдайда жалған сылтаулар айту;
– топтық жұмыс көзделмеген кездегі екі немесе одан да көп білім алушының бағаланатын жұмысты бірге орындауы;
– басқа білім алушыларға саналы түрде көмек көрсету: бағаланатын жұмысты көшіруге мүмкіндік беру, шпаргалкаларды пайдалану және т.б.
5) бағаларды өзгерту, деректерді бұрмалау:
– тапсырмаға жауапты, бағаларды қолдан жасау;
– бағаланатын жұмыста кез-келген ақпаратты немесе дәйексөздерді пайдалану кезінде бұрмалау немесе ойдан шығару. Ойдан шығарылған дереккөздерді, жалған дәйексөздерді, сандық немесе басқа деректерді қолдан жасауды және т.б. қамтиды.;
– жазбаша бақылау жұмыстарының бағаларын асыра бағалау;
– басқа білім алушының бағаланатын жұмысын қасақана қолдан жасау немесе бүлдіру.
6) бағаланатын жұмыстардың жауаптарын адал емес жолмен алу:
– бағаланатын жұмыстарды орындау кезінде жауаптарды тарату;
– материалдарды алдын ала, бағаланатын жұмысты жүргізгенге дейін, басқа білім алушының, педагогтың немесе қызметкердің көмегімен алу (жауаптары бар тест тапсырмалары, емтихан билеттері мен тапсырмалары, жазбаша емтиханға арналған тапсырмалар);
– бағаланатын жұмыстарды өз жұмысы (курстық, дипломдық жұмыстар және т.б.) ретінде ұсыну үшін сатып алу немесе басқа жолдары;
– бағаланатын жұмыстарды (курстық, дипломдық жұмыстарды және т.б.) сатып алуға және/немесе сатуға көмек көрсету.
7) ақпаратты немесе құрылғыларды заңсыз пайдалану:
– бақылау жұмыстарын орындау, тестілеу кезінде электрондық, цифрлық, қағаз тасымалдаушыларда, техникалық құрылғыларда ақпаратты пайдалану;
– бағаланатын жұмыстың жауаптарын кез келген жолмен алу: электрондық пошта, компьютер және т.б. арқылы жүктеу;
– қағаз және электрондық тасымалдаушыларда бағаланатын жұмыстарға қатысты материалдарды кабинеттен шығару және/немесе педагог қызметкердің компьютерінен материалдары көшіру.
8) пара, сыйлықтар немесе қоқан-лоқы көрсету:
– білім алушыларға, педагогтерге және қызметкерлерге оқу қызметін бағалау нәтижелеріне ықпал ету мақсатында осы ықпал ету түрлерінің кез келгенін кез келген нысанда пайдалануға тыйым салынады.

4. Білім беру процесінде қатысушылардың құқықтары мен міндеттері:
1. Оқу үрдісіне қатысушылар академиялық адалдық қағидаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын есте ұстауы қажет.
2. Оқытушылар бұзушылықтың әрбір жағдайын тіркейді және білім алушының ағымдағы немесе қорытынды жұмысын бағалауға жол берілмейді. Білім алушыға бұзушылық дәрежесіне байланысты ескерту, сөгіс, оқудан шығару жарияланады.
3. Плагиат, курстық жұмыстарды, дипломдық жұмыстарды/жобаларды сатып алу және сату қарапайым ережелерді бұзу шеңберінен шығу ретінде қарастырылады және қоғамға қатысты елеулі бұзушылық ретінде қабылданады, сонымен қатар басқа адамдардың материалдарын пайдаланғаны үшін жазаға тартылады.
4. Оқытушылар білім алушылардың жұмысы веб-жүйенің көмегімен плагиаттың бар-жоғына тексерілетіні туралы білім алушыларды хабардар етуге кепілдік береді.
5. Білім алушылар білім беру процесінің толыққанды қатысушылары бола отырып, өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс.

Білім алушылар:
1) осы Қағидалардың мәтінімен танысуға;
2) оқу үрдісінде өз пікірін еркін білдіруге;
3) осы Қағидаларды бұзғаны үшін негізсіз айыптаудан және дәлелдеме беруден қорғануға;
4) академиялық адалдық қағидаларын жаңартуға және әзірлеуге қатысуға құқылы.

Білім алушылар:
1) осы Қағидалардың мәтінімен танысуға және академиялық адалдық көрсетпегені үшін жауапкершілік туралы білуге;
2) біреудің зияткерлік меншігін пайдалануға қатысты қағидаттарды құрметтеуге және сақтауға, кез келген жұмыс түрлерін ауызша және жазбаша нысанда орындау, ағымдағы, аралық және қорытынды бағалау кезінде академиялық адалдықты мүлтіксіз орындауға;
3) бағаланатын жұмыстарды жазу кезінде белгілі бір ойлар қайдан алынғаны туралы автор мен еңбегі көрсетілген сілтемелерді пайдалануға құқылы. Жұмыстың соңында барлық ақпараттық ресурстар көрсетілген библиографияның болуы міндетті;
4) сенімді және анық ақпарат көздерін (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, ғылыми мақалалар және т.б.) пайдалануға міндетті;
5) басқа білім алушыларға өзінің жұмысын ұсынбауға, ұсынылатын жұмыс білім беру процесіне қатысушының жеке жұмысы болып табылатынын есте сақтауға міндетті;
6) тапсырмалардың барлық түрлерін өз бетінше орындауға міндетті;
7) тесттерге, жаттығуларға және тапсырмаларға дайын жауаптарды, дайын жазбаша жұмыстарды (эссе, курстық, дипломдық жұмыстар/жобалар және т. б.) пайдаланбау;
8) емтихандарда дайын жауаптарды, электрондық ақпараттарды және байланыс құралдарын пайдаланбауға;
9) өзінің дайын жауаптары мен жұмыстарын басқа білім алушыларға бермеуге және басқа білім алушылардың түпкілікті нәтижелерінің адалдығы мен шынайылығына күмән келтіретін әрекетке жол бермеуге міндетті.

6. Колледж әкімшілігі, педагогтары мен қызметкерлері өздерінің күнделікті қызметінде білім беру процесінің әрбір қатысушысына әдептілік, адалдық, ашықтық және құрмет қағидаттарын ұстанғаны үшін жеке моральдық-этикалық және кәсіби жауапкершілікте болады.

Колледж педагогтары мен қызметкерлері:
1) білім алушылар арасында ақпараттық жұмыс жүргізуге және олардың академиялық адалдыққа баулуға;
2) өз практикасына академиялық адалдықты енгізуге, академиялық адалдық қағидаларының орындалмауы туралы ескертуге;
3) Қазақстан Республикасының аумағында да, әлемдік қоғамдастықта да қолданылатын авторлық құқықтарды қорғау туралы нормативтік құжаттарды білуге;
4) ата-аналар арасында академиялық адалдық саясатын түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс жүргізуге;
5) академиялық адалдықты сақтау мәселелері бойынша бағаланатын жұмысты орындау алдында білім алушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге;
6) академиялық адалдық қағидалары орындалмаған жағдайлардың қатаң есебін жүргізуге;
7) Қағиданы бұзудың әрбір жағдайы туралы колледж әкімшілігіне жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Колледж әкімшілігі:
1) білім алушыларға осы қағидаларды түсіндіру бойынша колледж педагогтері мен қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыруға;
2) педагогтер, қызметкерлер және білім алушылар осы Қағидаларды бұзған кезде көзделген шараларды қабылдау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
3) білім алушылар арасында академиялық адалдық мәселелері және оны қолдау әдістері бойынша оқытушылар үшін тұрақты тренингтер мен семинарлар өткізу;
4) педагогтердің, қызметкерлер мен білім алушылардың академиялық адалдығын іске асыруына бақылау және мониторинг жүргізуге міндетті.

5. Қағиданы бұзған жағдайда шараларды қолдану тәртібі
1. Білім алушылардың академиялық адалдықты бұзғаны анықталған жағдайда оқытушы/өндірістік оқыту шебері қағидаларды бұзу туралы акт жасайды, топ басшысының қатысуымен білім алушымен әңгіме жүргізеді. Тиісті дәлелдемелері бар қағидаларды бұзу туралы Акт және білім алушылардың жұмыстарының көшірмелері колледж әкімшілігіне беріледі.
2. Жүйелі бұзушылық кезінде (2 реттен артық) оқытушы/өндірістік оқыту шебері осы қағидаларды бұзу туралы Акт жасайды. Тиісті дәлелдемелері бар қағидаларды бұзу туралы Акт және білім алушылардың жұмыстарының көшірмелері колледж әкімшілігіне беріледі, өз кезегінде олар барлық құжаттарды тәртіптік комиссияға береді.
3. Оқытушылар мен қызметкерлердің дұрыс емес академиялық әрекеттері туралы мәлімдемелерді колледж әкімшілігі мен тәртіптік комиссиясы қарайды.
4. Тәртіптік комиссияның жұмысын ұйымдастыру қағидалар мен ішкі тәртіп ережелері арқылы реттеледі.
5. Тәртіптік комиссия академиялық адалдықты бұзу, білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарын қорғау фактілері туындаған кезде тәуелсіз сараптама жүргізуді жүзеге асыратын тәуелсіз сараптама органы ретінде құрылады және білім алушылардың оқу қызметінің нәтижелеріне және колледж педагогтері мен қызметкерлерінің қызметіне моральдық-этикалық бағалауды қамтамасыз етеді.

Тәртіптік комиссияның құрамы әкімшілік, оқытушылар, ата-аналар немесе олардың заңды өкілдері, білім алушылар қатарынан қалыптастырылады және колледж басшысының бұйрығымен бекітіледі.
Тәртіптік комиссияның отырыстары этикалық нормаларды бұзу және академиялық адалдық фактілері анықталуына қарай өткізіледі.

6. Өзіне қатысты академиялық адалдықты бұзу туралы мәселе қаралатын кез келген адамның тиісті дәлелдемелер болған кезде, оның ішінде куәгерлерді тарта отырып, өзінің бұзушылыққа қатыстылығына байланысты дауласуға құқығы бар.

7. Академиялық адалдықты бұзғаны үшін тәртіптік жаза оқу орнының саясатына байланысты және мыналарды қамтуы мүмкін:

Ауызша немесе жазбаша ескертулер: кішігірім бұзушылықтар үшін немесе бірінші бұзушылық кезінде беріледі.

Академиялық жазалар: олар бағаны төмендетуді, тапсырмаларды қайта тапсыруды немесе курсты өткізіп жіберуді қамтуы мүмкін.

Тәртіптік сынақ мерзімі: студентті белгілі бір мерзімге сынақ мерзіміне орналастыру, оның барысында кез келген одан әрі бұзушылық аса ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Шеттету: студентті белгілі бір мерзімге академиялық сабақтар мен курстардан уақытша шеттету.

Шығару: бірнеше рет немесе ауыр бұзушылықтарға байланысты студентті оқу орнынан үнемі шығару.

Жалғандық жағдайында қанағаттанарлықсыз баға өз жұмысын басқа адамға бағалау үшін ұсынған білім алушыға да қойылуы керек.

8. Тәртіптік комиссия бұзушылық түрлеріне байланысты, білім алушыны оқудан шығаруға немесе оқытушымен/өндірістік оқыту шеберімен немесе қызметкермен еңбек шартын бұзуға дейін қолданылатын тәртіптік жазаның түрі туралы негізделген ұсыныс жасауға құқылы.

9. Академиялық адалдықты бұзғаны үшін тәртіптік жаза колледж басшысының бұйрығымен ресімделеді.