– Дмитрий Анатольевич, сіз WorldSkills-ке қанша жылдан бері қатысып келесіз?
– Негізі қаланғаннан бастап, нақтысы 2015 жылдан бері қозғалыспен бірге келемін. Мұнда тек өз мамандығы мен кәсібін шын жақсы көретіндер мен балаларды жан дүниесімен оқытатын жандар ғана қалады.
– Сіздің құзыретіңіз бойынша WorldSkills республикалық чемпионатына тапсырмаларды әзірлеу қалай жүріп жатыр?
-WorldSkills Kazakhstan ережелеріне сәйкес біз әлемдік тапсырмаларды негізге аламыз. Республикалық және әлемдік чемпионаттардың деңгейлері әртүрлі. Сондықтан бастапқыда әлемдік тапсырманы қабылдаймыз және оны біздің мүмкіндіктеріміз, жабдықтарымыз және қатысушылардың дайындық деңгейіне қарай бейімдейміз.
– Сіз өз сөзіңізде айырмашылық туралы айттыңыз. Толықтыра кетіңізші, республикалық чемпионатты халықаралық деңгейге көтеру үшін не істеу керек?
-Біріншіден, сарапшылардың дайындық деңгейін арттыру қажет. Көбінесе “аймақтар” өз сарапшыларын ауыстырады. Жыл сайын чемпионатты өткізу рәсімдерімен мүлде таныс емес, жаңа адамдармен алмасады. Менің ойымша, әр аймақ жыл сайын өз мүшесін әкелетін бір жауапты сарапшыны тағайындағаны абзал. Осылайша, чемпионат деңгейі жоғары болар еді. Сондай-ақ, техникалық жабдықтау мәселелерін шешу қажет. Өйткені бізде арнайы жабдықты қажет ететін бақылау түрлері де бар.
– Демек, бұл үшін қосымша ресурстар мен қолдау қажет пе?
-Иә, біз жұмыс берушілердің көмегін тарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, бірақ біз құдіретті күш иесі емеспіз. Флюороскопия немесе ультрадыбыстық сияқты бақылаудың кейбір түрлері тексеру үшін арнайы жабдық пен зертхананы қажет етеді. Бұл қымбат, бірақ шешімін табуға тырысып келеміз.
– Қиындықтарға қарамастан біздің чемпионаттарды өткізу деңгейінің өскені сезіледі ме, қалай ойлайсыз?
-Иә, чемпионатты өткізу деңгейі қарқынды түрде өсіп келеді. Көп нәрсе бас сарапшы мен оның орынбасарына байланысты. Сіз олардың көмегімен чемпионатты “толықтыра” аласыз, сондықтан сізге жақсы дайындалған сарапшылар қажет.
– Сарапшы болғысы келетіндерге қандай кеңестер бере аласыз?
-Ең алдымен, дамуды жалғастырыңыз және өз мамандығыңыз бен құзыреттілігіңізді жақсы біліңіз. Мұнымен ешқашан тоқтап қалмаңыз. Өйткені технология үнемі өзгеріп отырады. Соңғы өзгерістерден хабардар болуға және теориялық және іс жүзінде дамуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, егер сіз белгілі бір тапсырмаларды өзіңіз орындай алмасаңыз, онда сіз оны басқа адамға қалай үйрете аласыз? WorldSkills қатаң ережелер мен процедураларды сақтауды талап етеді, сондықтан оларды жақсы түсіну керек.
– Сіз өз тәжірибеңізді басқа сарапшылармен бөлісесіз бе?
-Әрине, мен өз тәжірибемді басқа сарапшылармен бөлісемін. Әсіресе біз ұлттық чемпионатты өткізген кезде, соның ішінде колледжде оқуға арналған жабдықтар мен материалдар бойынша ұсыныстар жасаймыз. Колледж директорлары әдетте ақша үнемдегісі келеді. Соны ескере отырып, мен қандай жабдықтар мен материалдарды пайдалану жақсы екенін көрсету маңызды.
– Сіз оқушыларыңызбен байланыста боласыз ба?
-Иә, біз әркез бір-бірімізбен сөйлесіп, қолдау көрсетеміз. Біз аймақтарда чемпионаттар өткізген кезде де, менің оқушыларымның біреуі жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін жиі естимін. Біз мүмкіндігінше бір-бірімізге көмектесеміз, керек кезде көмек те сұраймыз.
0 Comments