"Talap"

+7 (7172) 64-86-86
info@talap.edu.kz

Жеке блог

УТЕЛЬБАЕВА ШОЛПАН АНУАРБЕКҚЫЗЫ

Президент

+7 (7172) 648686

Astana, Kazakhstan

Таныстыру сөзі

Менің жеке блогымның барлық оқырмандарына Сәлем!

Бүгінгі таңда Ақпараттық технологиялар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды және қазіргі қоғамда маңызды рөл атқарады. Интернет байланыс құралы ретінде азаматтық қоғамды қалыптастыруда үлкен маңызға ие және білім беру органдарынының ашықтығының индикаторы болып табылады.

Осы интерактивті алаңда сіз өз пікірлеріңізді қалдыра аласыз және сізді қызықтыратын сұрақтар қоя аласыз. Сіздердің пікірлеріңіздің, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіздің арқасында біз WorldSkills қозғалысының, біліктілікті арттыру және ТжКБ саласын дамыту курстарының жұмысын жақсарта аламыз.

Біз бірге колледж студенттерінің қажеттіліктері мен үміттерін жақсырақ қанағаттандыратын тиімді шаралар мен бастамаларды қабылдай аламыз.

Блог әрқайсымыз үшін қызықты әрі пайдалы болатын ортақ ақпараттық алаң болады деп сенемін.

Құрметпен,

Talap” КЕАҚ президенті Ш. А. Утелбаева

кері байланыс